Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Аулаңыз қауіпсіз бақылауда болады

Өскемен қаласында 922 аулалық аймақтан тұратын 1666 көпқабатты үй бар. Олардың 70-і биыл бейнебақылау камераларын орнатты

- «Қауіпсіз аула» бағдарламасы 2015 жылы бастау алды. Бұл бастама халық арасында әлі де кең тарамай отыр. Мұның бірінші себебі инвесторлар мен коммуналды органдар арасындағы келісімнің дұрыс жасалмағанынан. Алдағы уақытта біз бұл мәселені шешеміз, - деп атап өтті Өскемен қаласының әкімі Ерлан Аймұқашев.

Сонымен қатар, алдағы уақытта көпқабатты үйлерге бақылау бейнекамераларын орнатуды бөліп төлеу жүйесі арқылы жүзеге асыру жоспарланған.

- Біз инвесторларды іздестірдік. Олардың бірі «Қазақтелеком» АҚ және олар қаламыздағы 155 үйге бейнебақылау орнатуға қатысты ақпараттарды тарату жұмыстарын бастап та кетті, - деп атап өтті Ерлан Қапарұлы.

Бейнебақылау камерларын орнату 200-500 мың теңгенің айналасында, егер тұрғындар ақша қосылатын болса, бір пәтер 2-5 мың теңге шамасында қаражат қосатын болады. Қала әкімінің сөзіне сенсек, 2017 жылы «Қауіпсіз аула» бағдарламасына қосылуы керек. 2018 жылы бейнебақылауды орнататындардың қатары 492-ге жетсе, 2020 жылы 800 үй бақылау камераларын қостыратын болады.

Ерке Биғазина
Следующая →