Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдасан

Аурухана құрылысы қайта жаңғыртылмақ

Өскемен қаласында екі жүз науқасқа арналған балалар ауруханасының құрылысы қайта жаңғыртылды

Жаңа медициналық мекеме 19-шағын ауданында Көкжал Барақ көшесі мен Карл Маркс даңғылы қиылысында орналаспақ.


Естеріңізге сала кетейік, жалпы сомасы 6 922 282 теңгені құраған жоба қаржының жетіспеушілігіне байланысты тоқтап қалған болатын. 2014 жылы облыстық бюджеттен 4,5 млн-дай қаржы бөлінгенімен, жұмысты аяқтауға бұл ақша жеткіліксіз болған. Ал осы ғимараттың құрылыс жұмыстарымен айналысқан мердігер компания «Элхон» ЖШС-ның директоры Лұқбек Тумашинов «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына жүгінген. Өйткені қаржының жетіспеушілігінен компанияның құрылысшылары да жалақысыз қалған.


Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне осы жылы емханаға қаржы бөлу туралы хат жолданған.

Енді ШҚО құрылыс, архитектура және қала құрылысы басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, 5 қазан күні өткен облыстық мәслихат сессиясының шешімімен бюджеттен құрылысқа 400 000 000 теңге бөлу қарастырылған. Қараша айынан бастап құрылыс орнында дайындық жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жақын уақытта қолға алынады.


Назерке Нұрболатқызы
Следующая →