Жұмыспен қамту бағдарламасы талқыланды
Елена Старенкова «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша облыста жүргізіліп жатқан жұмыстар жайын талқылады
Бағдарламаның басты мақсаты ифрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы халықты жұмыспен қамту болып табылады. Бұл бағытта халықты инфрақұрылымды жобаларды іске асыру арқылы жұмысқа орналастыру қарастырылады.
- Өздеріңіз жақсы білетіндей 2016 жылдың аяқталуына екі ай уақыт қана қалды. Соған орай «Ифрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» төңірегіндегі мәселелер жайында әкімшілік тарапынан да, басқа да басқарма бөлімдерінен де бақылау жүргізіліп отырады, - деді ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды ұйымдастыру басқармасының басшысы Старенкова Елена Васильева.
Әкімшілік басшылары бөлінген қаржылардың есебін тексеріп қана қоймай, олардың тиісті жерлерге жұмсалып, жөндеу жұмыстарының тиянақты жүргізілуін де бақылайды.
- Бұл бағытты іске асыру бойынша 1254 жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 16,9 млрд теңге бөлінді. Ал жөндеу жұмыстарын жүргізуге 6291 жұмыс орындары құрылып, онда жұмыспен қамту орталықтары арқылы 3121 адам жұмысқа орналасты. Бұл 49,6%- ды құрайды, - дейді Елена Васильевна өз баяндамасында.
Ал 2016 жылғы бағдарламаның бірінші бағытын қаржыландыруға 5 748,9 млн теңге бөлінді. Ол білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және инженерлік көліктік инфроқұрылым мен тұрғын үй шаруашылығын жөндеуге бағытталған.
- Осы бағытты жүзеге асыруда ШҚО бойынша 2986 адам жұмыспен қамтамасыз етілсе, оның 1603 адамы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасты, - деді Елена Старенкова.
Мөлдір Тоқтамыс
Следующая →
Тақырыптар:
Жұмыспен қамту бағдарламасы талқыланды