Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Облыс әкімі құрылыс обьектілерін аралады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыс орталығының бірнеше құрылыс обьектілеріне тексеріс жүргізді

19-шы тұрғын үй ауданында № 39/1 позицияда тұрғызылып жатқан 9 қабатты монолитті үйдің құрылысы ағымдағы жылдың желтоқсанында өтуге тиіс.


 Анықталғандай бұрынғы мердігердің алғы төлемі толықтай ақталмай сот шешімімен қайтарылуға тиісті болған. Міндет бойынша бұл үй ағымдағы жылдың соңында өткізілуге тиіс болған. Кезекті мердігер түзетусіз барлық жұмысты жалғастыруға тиісті. Қаржы тапшылығынан жұмыс қарқыны бәсеңдеп қалған. Облыс әкімі құрылыс обьектісін аралап, қаржыландыру мәселесін шешуді тапсырды.


  - Үй жыл соңына дейін тапсырылуы керек. Бұрынғы мердігер талапты аяғына дейін орындамаған, кезекті мердігер келіп, жұмысты әрі қарай жалғастырған. Билік тарапынан жұмысты қаржыландыру жағдайлары қаралатын болады. - деді облыс басшысы.

 
Облыс әкімі Қаныш Сәтпаев даңғылының 2/2 бойында тұрғызылып жатқан 9 қабатты 88 пәтерлі тұрғын үйдің жағдайын қарады. 9 қабатты үйдің қазір 6-қабаты салынып біткен. Қазір 7-қабатты жабу бойынша арматуралау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер «ВК Техногрупп» ЖШС. Келісімшарт бойынша обьект ағымдағы жылдың желтоқсанында қолдануға берілуге тиіс. Атап өту керек, құрылыс обьектілерін аралау барысында аталмыш компанияның бірнеше келісімшартқа ие екендігі анықталып, олардың аяқталу мерзімі кешіктіріліп жатқаны анықталды. Бұл облыс әкімінің наразылығын тудырды.


  - Біздің кейбір компанияларымыз толып жатқан жұмыстардың келісімшартын алады. Іске салмайды. Аталмыш компания 18 келісімшарт бойынша жұмыс істейтінін айтты. Адамдары жоқ, мүмкіншілігі болмаған соң істі мерзімінде аяқтамайды, бұл біріншіден. Екіншіден құрылыс басқармасы, қала әкімшілігі бақылау жұмысын жақсылап жүргізу керек. Бұл үлкен мәселе, - дейді Даниал Кенжетайұлы.

 
Жұмыс сапарының соңында облыс басшысы 19-шы тұрғын үй ауданын бөліп тұрған саябақты да көріп қайтты. Көркемдеу, жөндеу жұмыстарына жаңа талаптар қойды.


 Дос Сапар
Следующая →