Оқулықтар барлығы үшін қолжетімді
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің сайтында оқулықтардың электронды нұсқасы жарияланды
Ең алғашқы болып сайтқа бірінші сыныптарға арналған мазмұны жаңартылған оқулықтар салынды.
- Енді әр оқушы, ата-ана, оқушы бұл электрондық білім беру ресурсына еркін кіре алады және оны өздеріне қолайлы кез келген уақытта пайдалана алады. Оқулықтардың электрондық нұсқасын қазақстандық баспалар берді, олар биыл барлық бірінші сынып оқушылары үшін оқулық шығарды, - делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Осылайша елдегі білім беру жүйесі заманауи талаптарға сай бола түспек. Өйткені оқулықтарды интерактивті беру арқылы кез келген оқушының ынтасы артып, оқуға деген қызығушылығы арта түспек. Бұл бір жағынан оқушылардың портфелінің салмағын да азайтуға септігін тигізетіндігін алға тартады мекеме қызметкерлері.
Азамат Нұрболатұлы
Следующая →

Тақырыптар:
Оқулықтар барлығы үшін қолжетімді