Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Билік ат спорты мектебінің сатылым бағасына келісім туралы түсініктеме берді

Ат және басқа да клубтардың шынайы бағасы қанша екені айтылды

Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин айтқандай, бәсекелестік ортаға берілген төрт обьектілердің есебінен бюджет 500 млн. теңге үнемдей алды, олар кейін Астана қаласының әлеуметтік сұранысына қаралатын болады.

Обьектілердің тізіміне келетін болсақ, саудаға олардың бірнешеуі қойылған – «Қайсар» спорт клубы» МКҚК, «Х.С. Омаров атындағы шахмат клубы», «Астана батыры» жекпе-жек клубы», «Астана» көкпар клубы».

2015-2016 жылдары бұл обьектілерді ұстау үшін 509 508 000 теңге бөлінген.

2016 жылдың маусымы мен тамызында аукционның бірінші екі кезеңі туралы республикалық қоғамдық-саяси «Вечерняя Астана» газеті мен www.gosreestr.kz веб-порталында хабарланса да, қатысушылардың жоқ болуына байланысты өтпей қалды.

4 обьектіге байланысты үшінші кезең 2016 жылдың 4 қазанында өтті. Аукционның өтетіні туралы «Вечерняя Астана» газеті мен www.gosreestr.kz порталында айтылған.

-   «Қайсар» спорт клубы» МКҚК 697 096 теңгеге жүзеге асырылған. Алғашқы бағадан (қала бюджетіне кететін) 15 пайыздық кепілдік салым қайтарылмағанын есептегенде, клуб бағасы сатып алушыға 3 630 346 теңгеге шықты.

-   «Астана» көкпар клубы» МКҚК 198 554 теңгеге сатылды.  Алғашқы бағадан (қала бюджетіне кететін) 15 пайыздық кепілдік салым қайтарылмағанын есептегенде, клуб бағасы сатып алушыға 6 374 654 теңгеге өтті.

-   «Х.С. Омаров атындағы шахмат клубы» МКҚК – 12 870 теңгеге. Алғашқы бағадан (қала бюджетіне кететін) 15 пайыздық кепілдік салым қайтарылмағанын есептегенде, клуб бағасы сатып алушыға 1 188 270 теңгеге өтті.

-   «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК – 9 386 426 теңгеге. Алғашқы бағадан (қала бюджетіне кететін) 15 пайыздық кепілдік салым қайтарылмағанын есептегенде, клуб бағасы сатып алушыға17 037 326 теңгеге өтті.

Қала бюджетіне кепілдік салым боойынша сауда нәтижесінде «Қайсар» спорттық клубынан 2 933 250 теңге, «Астана» көкпар клубынан – 6 176 100 теңге, Х.С. Омаров атындағы шахмат клубынан – 1 175 400 теңге, «Астана» жекпе-жек клубынан – 7 650 950 теңге түсті, қорытынды бойынша қала қазынасына 17 935 650 теңге түсті.

Қала әкімінің тапсырмасымен әлеуметтік маңызы бар обьектілер болғанын есепке ала отырып сауда материалдары Астана қаласының прокуратурасына құқықтық баға үшін жолданды. Прокуратура дәйектемесі бойынша аукционды өткізу шарасын зерттеу нәтижесінде заң талаптарына сай бұзушылықтар орын алмады.

Қала әкімінің орынбасары Андрей Лукин түсіндіріп өткендей, аукцион келісімшарты бойынша, жекешелендірілген обьектілер қызметтік көрінісін сақтап қалуға тиісті. Мұнымен қоса, обьектілерді беру барысында оларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар орналастырылады, ал бұл өз кезегінде мүгедек және аз қамтылған отбасылардың балаларын тегін үйірмелермен қамтамасыз етеді.

Следующая →