Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жерлісіміз аймақтың абыройын асқақтатты

Алматыда жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Қазақстан Чемпионаты мәресіне жетті. жерлестеріміз олжалы оралды

Шығыс Қазақстан облысының спортшылары аталмаш додадан 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медальді еншілеп қайтты.

Аймақтың абыройын асқақтатуға елеулі үлес қосып, қанжығасына үш медальді байлап қайтқан Эрика Кем Көкпекті ауданының тумасы, аудан орта мектебінің намысын талай рет қорғаған шәкірттерінің бірі. Аталмаш Чемпионатты Эрика қызымыз үш бірдей мадақтама, яғни екі қола, бір алтынды қанжығалап қайтты.

- Чемпионатта өз облысымды және әсіресе өз ауданымның атағын шығарып қайтқаным мен үшін бір мәртебе болды. Қазір Өскемен қаласының тұрғыны болсам да, мен ешқашан өз мектебімді, туып-өскен Көкпекті ауданымды еш уақыт есімнен шығарған емеспін. Мен туған елімнің патриотымын, сол себепті осы чемпионаттағы жеңісімді Тәуелсіздігімнің 25 жылдық мерейтойына арнаймын, - деді Эрика.

Сонымен қатар, біздің қызымыз жуырда спорт шебері үміткерлігіне дайындалып жатыр. Жерлес қызымыздың жеңістеріне ортақтасып алар асулары көп болуына тілектеспіз.
Следующая →