Елордада қайырымдылық марафоны өтті
Өткен жексенбіде елордада өткен марафонға қатысушылар 4 млн теңге жинап алды, деп хабарлайды ұйымдастырушылар
«Жиналған барлық қаражаттың барлығы «Қасиетті Жол», «SOS балалар ауылы», «Аяла, «Аналар үйі», «BI жұлдызай» және «One Steppe Beyond» шотына аударылады. Жиналған қаражат сомасы 4 328 492 теңге», - делінген хабарламада.
«Оne Steppe Beyond» жобасы ауыл жастарын жүгіруге шақыруға бейімделген.
«Аяла» қорының негізгі мақсаты – балаларға арналған денсаулық және білімнің мемлекеттік нысандарына қолдау көрсету. «SOS балалар ауылы» жағдайы нашар отбасылардағы балалар мен қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында құрылған. «Қасиетті Жол» бағдарламасы болса балалар үйі мен аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетеді. Сонымен қатар қор сал ауруымен ауыратын балаларға қатты назар аударады.
«Астана Марафон» хабарлағандай, 4 қыркүйек күні өткен марафонға 4,5 мың адам қатысты. Олардың қатарында АҚШ, Ресей, Италия, Япония, Германия және басқа елдердің спортшылары бар.
Жүгіру жарысына Қазақстанның примьер министрі Кәрім Мәсімов, президент аппаратының басшысы Әділбек Жақсыбеков, үкімет мүшелері және ірі компаниялардың қызметкерлері қатысты.
Марафонның басты нәтижесі көмекті қажет ететін жандарға қол ұшын созу болды. «Астана Марафон» елімізде 2009 жылдан бері өтіп отыр. 2016 жылы жүгіру жарысына ең көп адам қатысты.