Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда көлікте темекі шегуге тыйым салынбақ

Мәжілістің жұмыс тобында «Жол жүрісі туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Омархан Өксікбаев көлікте темекі шегуге тыйым салу туралы ұсыныс білдірді

-  Жүргізуші рөлде отырып темекі шегуге оқталып, алаңдаса, ол жолға назары төмендейді, реакция да ақырындайды. Ал темекі шегу барысында қолынан шылымы түсіп кетуі де мүмкін. Оны алуға да алаңдайды, тіпті шегу процесінің өзі адам миына белгілі бір әсер ететіні анық, - дейді депутат Омархан Өксікбаев.

Сонымен қатар, депутат қолданыстағы заң нормалары бойынша көлік жүргізу барысында телефонмен әңгімелесуге тыйым салынғанын ескертті.

-  Ал темекі шеккеннің телефонмен сөйлескеннен артықшылығы не? Мұнда да назарын екі жаққа аударуға соқтырып тұр емес пе? Бүгінгі баяндамада жол апатынан жылына үш мың адамға дейін қаза болатыны айтылды. Дәл қандай заң бұзушылықтар бойынша өлім-жітім көп екені туралы статистиканың жоқтығы өкінішті. Десе де, кез-келген мәселеде азаматтар мен олардың қауіпсіздігі бірінші кезекте болуы керек. Бұл да жолдағы апатты азайтуға оң серпін береді деп ойлаймын, - деді депутат Омархан Өксікбаев.


Следующая →
Тақырыптар: курение за рулём