Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ғашықтар саяжолын жөндеу әлі жоспарланып жатыр

Қыстың қамын жаз ойла демекші, қыстан шыққалы бері қаламыздың саяжайлары мен саяжолдары қалыпқа келтірілді ме?

Новости Казахстана / Ғашықтар саяжолын жөндеу әлі жоспарланып жатыр
Фото:
Е. Казаковцеванікі
Өзгесі болмаса да, көпшілікке, әсіресе, қол ұстасқан қос ғашықтар арасында кеңінен танымал «Ғашықтар саяжолының» биылғы жағдайы мүшкіл. Бір кездері барлығы жарыса фотоға түсіп, қыдыратын саяжолдың келбеті биыл фотоға түсуге жарамайды. Тіпті Амфитеатр аумағында өткізілетін қалалық мерекелер де қайта қаланың басты алаңына алмастырылды. Өйткені «Ғашықтар алеясы» мен Амфитеатр аумағы тек қоқысқа толып жатқан жоқ, ол жерде қаусарлап шөптер өсіп, мүсіндер үгітіліп жатыр.

Ертістің жағасында серуендеп, тынығуға арналған саяжолды қандай да бір жөндеу жұмыстары күте ме, жоқ па деген сұраққа жауап білу мақсатында қалалық әкімдікке сұраныс хат жолдап, оның жауабын тура бір ай өткеннен кейін алдық. Нәтижесінде жаз мезгілі де аяқталуға жақын қалғанымен, қала әкімдігі бұл ғашықтарға арналған саяжолды жөндеуді әлі жоспарлап отырғанын білдік.

- Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Амфитеатр және «Ғашықтар саяжолы» көріктендіру объектілерін (шағын сәулеттік нысандарды, орындықтар және т.б.) ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды жоспарлаған. Бүгінгі күні өнім берушіні анықтау үшін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізілуде. Жөндеу жұмыстары мердігер ұйым анықталғаннан кейін басталады, - деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Булавкина.

Сонда жергілікті әкімдік мердігер ұйымды көктемде емес, жаз мезгілінің соңында ғана анықтайтын болса, саяжолды қысқа қарсы қалыпқа келтіруді жоспарлап отырған болуы керек. Қысқа қарсы барлығын қалыпқа келтірудің пайдасы қанша?

Ерке Биғазина
Следующая →