Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ресей мен Қазақстан полицейлерінің мақсаты бір

Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Ішкі істер министрліктерінің бірлескен алқасының екінші отырысы өтті

Отырыс барысында экстремизмге қарсы күрестегі екі мемлекеттің ынтымақтастық мәселелері қаралды. ІІМ мүшелері еррористік және экстремистік сипаттағы қылмыстарға қатысы барлар мен іздестірудегі адамдар туралы экстремизм және терроризм туралы өзара ақпараттар алмасты.

- Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халықтың қауіпсіздігі мен елдегі тыныштыққа баса назар аударып отыр. Екі елдің бірлесе жұмыс істеуі, бір-біріне қолдау көрсетуі қылмыскерлерге заңнан ешқайда қашып құтылмайтындығын көрсетеді, - деп атап өтті ШҚО әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.

Алқа отырысы барысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов қылмыспен күрес мәселелері тұрғысындағы министрліктер арасындағы қарым-қатынас сапасы жоғары дәрежеге жеткенін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша делегация басшылары экстремизмге қарсы күрес және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған шешімдерге қол қойып, 2017 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарын құрды.

Ерке Биғазина
Следующая →