Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Биыл 54 азамат адам саудасының құрбаны болған

30 шілде - дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні. Облысымызда аталмыш қылмыстың алдын алу бойынша шаралар қарқынды жүргізілуде

Новости Казахстана / Биыл 54 азамат адам саудасының құрбаны болған
Фото:
ki.ill.in.ua
Адам еңбегін заңсыз, күштеп пайдалану, зорлық-зомбылық сияқты қылмысқа қатысты негізгі міндет ШҚО ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес жүргізу басқармасына жүктелген. Олар облысымыздағы мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасайды. Осындай ұйымдардың бірі – «Феникс» ұзақ уақыт бойы адам саудасына қатысты қылмыстың алдын алу, осы қылмыс құрбандарына көмек көрсету жұмыстарымен айналысып келеді.

- «Феникс» қоғамдық ұйымы облыста 12 жыл бойы өз қызметін жүзеге асырып келеді, - дейді «Феникс» қоғамдық ұйымының директоры Нәзигүл Ахметқалиева. - Қоғамдық ұйым қызметіндегі негізгі бағыттардың - бірі адам саудасына байланысты қылмыстың алдын алу. Соған орай ұйым мен ұйымдасқан қылмыспен күрес жүргізу басқармасы тығыз қызмет жүргізіп келеді.

Қоғамдық ұйым директорының айтуынша, бұндай қылмысқа көбінесе жас қыз-келіншектер тап болып жатады. Яғни, ауылдық жерлерден қалаға жұмыс іздеп келген қаракөздеріміз жеңгетайлардың қолына түсіп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болатын оқиғалар жиі кездеседі.

- Өткен жылы басқарма қыздарды Біріккен Араб Әмірлігіне жезөкшелікпен айналысу мақсатында алып кету қылмысын ашқан болатын, - дейді ШҚО ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес жүргізу басқармасының аға жедел уәкілі Данияр Тұмақпаев. - Осы іске қатысы бар қылмыскерлер қазіргі таңда өз жазаларын өтеп жатыр. Сот әрқайсысын 7 жылдан бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ал биыл ҚР ҚК 126-бабы, яғни, адамның еңбек күшін заңсыз пайдалану бойынша бір қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер тергеу изоляторына тоғытылды. Күдікті азаматтардың үстінен арыз жазған азаматтардың айтуынша, оларды Черемшанка ауылында күштеп ұстаған. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, жыл басынан бері адам саудасына қатысты 4 факті тіркелсе, оннан астам қызды жинап оларға жезөкшелікпен айналысуға жеңгетайлық жасаған бойжеткен ұсталған. Қазіргі таңда аталмыш қылмысқа қатысты іс сотқа жіберілді.

Ұйымдасқан қылмыспен күрес жүргізу басқармасының аға жедел уәкілінің айтуынша, 2015 жылы ҚР ӘК-ге жаңа бап енгізілген болатын. Онда жезөкшелік қызмет үшін пәтерін жалға берген азаматтарға әкімшілік жаза қолданылатындығы көрсетілген. Ондай пәтер иелеріне 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Егер бұндай әрекет екі реттен артық қайталанатын болса,

пәтер иесі қылмыстық жауапқа тартылатын болады. Айта кетейік, биыл облыс бойынша бұндай 10 факті тіркелген.

Бұл қылмыс бірқатар елде арзан жұмыс күшіне деген сұраныстан басталып, зорлық-зомбылықпен аяқталады. Жалпы Қазақстанда жыл басынан бері 54 азамат адам саудасының құрбаны болған. Кез келген адам құлдыққа ұшыраған жағдайда бірден 1-16-16 сенім телефонына хабарласуы керек.

Назерке Кәрімова
Следующая →