Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жанармай мен дизель отыны қымбаттауы мүмкін

Жанармай мен дизель отынының бағасы өсуі мүмкін. Ұлттық экономика министрлігінде қазіргі таңда жанар-жағармай бағасын көтеру мәселесі талқыланып жатыр

Яғни, Аи-92/93 мен Аи-95/96 бензині мен мемлекет бақылауындағы дизельдік отын бағасы көтерілуі мүмкін. Елдегі дизельдік отынның жетіспеушілігі шілде айынан бастап біліне бастаған. Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше отандық мұнай өндіруші зауыттардың жұмысы қарқынды және тоқтаусыз жүріп жатыр. Дегенмен, Алматыдағы жанармай құю станцияларында дизель отыны жоқтың қасы. Алайда, Алматы облысы мен оңтүстік астананың мұнай базаларында 20 мың тонна дизельдік отын қоры бар.

Осы орайда Алматыдағы ЖҚС иелері дизельдік отынның бағасының көтерілуін күтіп, әдейі жоқ деп отырғандығы туралы сыбыстар бар.

Бірақ дизель отынының қымбаттауының өз алғышарттары да бар көрінеді. Өйткені отандық өнім жеткіліксіз, ал Ресейден қосылған құн салығынсыз сатып алу бағасы - литріне 128 теңге. Елдегі жанармай бекеттеріндегі дизель отынының бағасы болса небары 99 теңге.

АИ-92 -Аи-92/93 және Аи-95/96 маркалы жанармай бағасы да шарықтауға шақ тұр. Олардың бағасы жарты жыл бойы еш өзгеріссіз келеді.

ШҚО-дағы бензин сатушылар да жанармай бағасының қымбаттауы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Бұл туралы ЖҚС иелері бір ай бұрын хабарлаған. Алайда бағаның нақты қаншалықты өсетіні әзірге белгісіз.

Ерке Мұхаметкәрім
Следующая →