15 тамыздан бастап электрқуаты қымбаттауы мүмкін
Өскемен және Семей қалаларында «Шығысэнерготрейд» ЖШС-ның сұранымына қатысты қоғамдық тыңдау өткізіледі
Фото:
www.aif.ru
«Шығысэнерготрейд» ЖШС тағы да электрқуатының бағасын көтеруді талап етуде. ШҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің департаменті бұл жолы төлемді 9,9%-ға қымбаттатуды сұрап отыр. Сонымен қатар, жаңа тариф 15 тамыздан басталуы керек деп көрсетілген.
Осы мәселеге байланысты қоғамдық тыңдалымдар Өскемен және Семей қалаларында жүргізілетін болады. Облыс орталығындағы қоғамдық тыңдалым бүгін сағат 11.00-де Пермитин көшесі, 17 мекенжайындағы мәжіліс залында өтеді. Тариф бағасына қатысты талқылауға барлығы қатыса алады.
Следующая →

Тақырыптар:
15 тамыздан бастап электрқуаты қымбаттауы мүмкін