Өскемен
малооблачно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +13°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
448.81
+0.25
476.82
-1.21
¥
62
+0.03
4.77
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Сауда-саттық кезінде өз құқығыңызды қорғай аласыз ба?

Егер дүкен сөресіндегі өнімде бір баға ал кассада екінші баға тұрса, тұтынушы өнімді сөредегі бағамен сатып алуға құқылы

Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Өзгеріске ұшыраған жаңа заңға сәйкес енді тұтынушы тауарды 2 аптаның ішінде емес, 1 айдың ішінде қайтаруға құқылы. Сонымен қатар, дүкен сөрелеріндегі өнімдерді еш кедергісіз фото мен видеоға түсіре алады. 
- Заңның 30-бабының 1-1 тармақшасына сәйкес, сатушы жарамдылық мерзімі өткен соң сатылған, техникалық регламенттерде, өнімдер жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде зияткерлік меншік құқықтары бұзыла отырып шығарылған тауарды оның пайдаланғанына, тауарлық түрінің, тұтынушылық қасиеттерінің, пломбаларының, заттаңбаларының, сақталу-сақталмауына қарамастан, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде ауыстыруды немесе сатып алынған тауар үшін ақшалай соманы тұтынушыға қайтара отырып, қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті, - деді ШҚО Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ғазез Сүлейменов. 
Сонымен қатар, заңның 18-бабында тұтынушының қолында тауарды сатып алғандығын растайтын құжаттың болмауы оны куәлердің айғақтарына, тауарды сатып алу фактісін растайтын құжаттарды, фото және бейне тіркеуге сілтеме жасау құқығынан айырмайтындығы жазылған. 
Ал тұрмыстық техниканы сатып алу барысында туған келеңсіздіктерді заңның 23-бабына қосылған қосымша тармақтарға сүйене отырып шешуге құқылы.
1) Сатушы тауардың кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін табылған кемшіліктеріне қатысты міндеттемелерді қабылдауға құқылы. 
2) Егер дайындаушы ҚР заңнамасында көзделген тауарға кепілдік мерзімін белгілеу жөніндегі міндеттемені орындамаса немесе оны тиісінше орындамаса, сатушы оны белгілеуге міндетті. 
3) Осындай міндеттемені орындау үшін қажетті материалдардың, жинақтаушы немесе қосалқы бөлшектердің болмауына байланысты оны орындау мүмкін болмайтын жағдайда кепілдік міндеттеме тоқтатылмайды. 
Сондай-ақ,  жаңа тұрмыстық техникасының нұсқаулығы тек қана шет тілінде болып,  сіз техниканы бұзып алсаңыз да, сіздің құқығыңыз 100% қорғалады. 
- Егер сіз нұсқаулығы тек қана шет тілінде тұрмыстық техниканы сатып алып, құжатты аударуға мүмкіндігіңіз болмай, сатып алған тауарды сындырып алдыңыз, өйткені сіз оны қалай қолдану қажеттігін түсінбедіңіз. Бұл жағдайда сіздің құқығыңыз жүз пайыз қорғалады. Заңда «Бір тілде немесе шет тілінде ұсынылған ақпарат ұсынылмаған деп саналады» деп көрсетілген, - деп түсіндірді ШҚО Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары. 
Сапасыз тауар сатып алған жағдайда да оны айырбастауға 10 күн беріледі. Бұл алында аталған 30 күнге қосылады. Мұнымен қоса, сатып алу тауардың диагностикасына қатысуға, техникалық тексеруге сенімді өкілін жіберуге құқылы. Ал диагностика аяқталғаннан кейін  сатушы немесе өндіруші атқарылған жұмыс туралы құжат ұсынуы қажет. 
Сонымен қоса сіздің кепілдеме арқылы жөндеуге жіберген техникаңыз сапасыз болып алмастырылса, фирма сізге мерзімі жаңадан басталған кепілдеме ұсынуы керек. 
Айта кету керек, заңдағы өзгерістерде тұрмыстық техника мен азық-түліктің саудасына қатысты ғана емес, құрылыс жұмыстарына қатысты да бірқатар өзгерістер бар. Мысалы, сіздің үйіңізге жұмысшылар шатырдың күрделі жөндеуін өткізді. Біраз уақыт өткен соң шатырдан су аға бастайды. Егер бұл кемшіліктер құрылысшылардың кінәсі деп дәлелденсе, жұмысты қабылдаған күннен бастап 5 жыл ағымында кемшіліктерді жою бойынша талап ұсынуға құқылысыз. Осыған қоса көрсетілген қызмет немесе жұмыста кемшіліктер анықталса, кепілдік 10 жылға дейін әрекет етеді деген тармақ қосылған. 
Заңда қабылданған өзгерістер мен толықтырулар туралы толық ақпаратпен 2016 жылдың 21 сәуіріндегі № 504-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңынан таныса аласыздар.

Ақерке Рағызбаева

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Тұтынушылар Заң