Семей қаласында жұмыспен қамту мәселесі қалай шешілуде
Семей қаласында шағын және орта бизнестің дамуы да оң жолға қойылған. Соңғы 5 айда осы бағыт бойынша 900-ден аса жұмыс орындары пайда болған екен
Фото:
syrboyi.kz
- 2016 жылдың 1 маусым жағдайына тіркелген жұмыссыздар саны 1245 адамды құрап отыр, - деп атап өтті Семей қаласының әкімі.
Қаңтар-наурыз айларында ірі және орта кәсіпорындарда еңбек ететін жұмыскерлердің орташа айлық еңбек ақысы 101 090 теңгені құрап, ол 2015 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 11,1%-ға артқан.
Семей қаласындағы ең негізгі проблемалардың бірі – тұрғындардың 30%-ы өз-өздерін жұмыспен қамтушылар. Яғни, базарларда жалға орын алып, өз нәпақаларын көріп жүргендер.
- Өз-өздерін жұмыспен қамтушылардың көбі салық төлемейді, зейнетақы қорына қаражат аудармайды. Нақты сандармен айтатын болсақ, олардың саны 12 мың адамды құрап отыр, - деді қала басшысы.
Бұл адамдармен түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 12 мың адамның тізімі жасалуда. Алдағы уақытта әр тұрғынмен кездесу және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оларға жаңа жұмыстар ұсынылатын болады.
Следующая →