Өскемен
малооблачно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +4°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +18°
$
450.07
-1.20
488.51
-0.62
¥
62.35
-0.34
4.86
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

«Болашақ» стипендиясына құжаттар қабылдануда

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдаудың екінші кезеңі өткізіледі

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау үш кезеңде жүргізіледі. Біріншісі 11 сәуірден 13 мамырды қоса алған кезең, екінші – 13 маусымнан 29 шілдені қоса алғандағы кезең, үшінші – 15 тамыздан 30 қыркүйекті қоса алғандағы кезең.
- «Болашақ» халықаралық стипендиясына қатысушылар  құжаттарды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамына өткізеді, - деді ШҚО Халыққа қызмет көрсету департаменті басшысының м.а Ерлан Мұхамеджанов. - Одан өзге, «электронды үкімет» порталы арқылы да жүзеге асырады. Сонымен қатар, әр өңірдегі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациялары да стипендияға үміеттердің құжаттарын қабылдайды. 
Стипендия «Магистратура», «Докторантура», «Резидентура» және «Тағылымдама» бағдарламалары бойынша тағайындалады.
Облыстық халыққа қызмет көрсету орталығындағылар «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер мынадай құжаттар тапсыру керектігін айтады. Алдымен жұмыс берушінің тапсырысы, үміткердің сауалнамасы мен негіздеме-өтініші болуы керек. Сонымен қатар, жеке куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі, қосымшасы бар дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі, белгіленген медициналық ұйымдардан алынған 082/у медициналық анықтама өткізіледі. Одан өзге, СТН көшірмесі мен соңғы 2 жылда зейнетақы аударымдарын төлегендігін растайтын зейнетақы қорынан үзінді көшірме, еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі қажет.

Ерке Мұхаметкәрім

Следующая →