Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Облыстағы жұмыссыз жастардың саны – 60 мың

Кеше дөңгелек үстел барысында жастардың қоғам өміріне белсене атсалысуы үшін мемлекет тарапынан қандай істер атқарылып жатқандығы талқыланды

Новости Казахстана / Облыстағы жұмыссыз жастардың саны – 60 мың
Фото:
ortcom.kz
ШҚО Халықтық коммунистер партиясы комитетінің мұрындық болуымен өткізілген бұл жиын барысында жас отбасылар үшін қолжетімді баспана, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, мектеп оқушылары үшін жазғы демалыстың ұйымдастырылуы, спорт, шығармашылықпен айналысуларына жағдай жасау жайы сөз болды. Оған жергілікті атқарушы ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партия бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушылардың әрқайсысы өз қызметі саласында осы аталған мәселелер қалай шешімін тауып жатыр деген сұраққа жауап беріп, өзара пікір алмасты.

- Елімізде жастар саясатын жүзеге асыратын институттар көп болғанымен, олардың жұмыстары әрқашан оң нәтиже көрсетпейді, - дейді ҚКХП облыстық комитетінің хатшысы Сергей Михеев. - Сол үшін мемлекет жастардың қоғам өміріне белсене араласып, елдің дамуы үшін өз үлестерін қоса алауы үшін барынша қолдау көрсетіп, жағдай жасауы керек. Ең алдымен жастардың жұмыспен қамтылуы, жас отбасылардың тұрғын үй мәселесі шешімін табуы керек.

Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік- эканомикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі ұстанымына олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты.

- 2011 жылдан бастап елде «Жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырылуда, - деп атап өтті жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Генадий Русанов. – Биыл өңірімізде осы бағдарлама бойынша 6 млрд 534 млн теңге қаражат бөлініп, оны игеру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда жұмыспен қамту орталықтарына 60 мыңдай жас азамат ресми тіркелген. Бірнеше бағытта жұмыс жасайтын бұл бағдарлама жастардың мәселесін басты назарда ұстайды.

Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, облысымыздан бастау алған жастар тәжірибесі бағдарламасының жұмысы да қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда 169 жоғары оқу орнын бітіріп, жұмыс таппаған студент аталмыш бағдарлама бойынша қызмет етуде.

Жиынды қорытындылай келе тараптар жастар саясатына қатысты сұрақтарды жоғары заңнамалық тұрғыда қарастыру үшін ортақ қарар қабылдап, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарына ұсынылатын болады.

Назерке Нұрболатқызы
Следующая →