Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Мүмкіндігі шектеулі балаларға берілген мүмкіндік

Қаламызда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған педагогикалық-психологиялық түзеу орталығының салтанатты ашылуы өтті

Новости Казахстана / Мүмкіндігі шектеулі балаларға берілген мүмкіндік
Фото:
Г. Пестрякова
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Өскемен қаласындағы №46 мектепте «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Дара» қайырымдылық қоры мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған педагогикалық-психологиялық түзеу орталығын ашты.

Еліміз бойынша 11-ші болып ашылған бұл орталық көлемі жағынан ең үлкен. Орталықта бала және отбасы дефектолог, психолог, логопед, физиотерапевт, массажист, тифлопедагог сияқты білікті мамандардың көмегіне жүгіне алады. Ішіндегі кабинеттердің құралдармен жабдықталуы да заманауи және баланың ойлануына бағытталған.

- Біздің «Дара» қайырымдылық қорының мақсаты барлық балалардың мектепке баруына мүмкіндік жасау. Сондықтан мұндай орталықтар еліміздің әр түкпірінде ашылып жатыр, - деді «Дара» қайырымдылық қорының басшысы Гүлнар Досаева.

Мүмкіндігі шектеулі балалар бұл орталықта өздерін дамыту жолында мамандармен жұмыс жүргізіп, ел қатарлы мектепте білім алуға бара алады.

- Балалар біздің болашағымыз, балалар біздің бақытымыз. Қайырымдылық бұл жүректен шығатын, жүрекпен жасалатын әрекет. Біреуге тек ізгі көңіл білдіріп қана қоймай, оған қол ұшын созу, - деп атап өтті ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Шығыс Қазақстан облысында 14 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі балалар бар. Олар түзету көмектеріне мұқтаж. Сондықтан бұл орталық балаларға көптеген жаңа мүмкіндіктер береді.

- Балалардың құқығын қорғау күні мерекесінде қаламызда алғаш рет көптен күткен түзеу орталығының ашылғанына қуанып отырмыз. Осындай игі істің бастамасында тұрған «Дара» қайырымдылық қорына, облыс басшылығына алғысымды білдіремін, - деді ата-аналардың бірі Айжан Сүлейменова.

Аталмыш орталық тек мүмкіндігі шектеулі балалармен ғана емес, олардың ата-аналарымен де жұмыс жүргізетін болады.

Ақерке Ақылбекқызы
Следующая →