Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды
Ақтөбе облысындағы өткізу пунктінен жүк көлігінің тіркемесінде жасырынып18 шетел азаматы өтпекші болған

Наурыз айында ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы заңсыз көші-қонға, контрабандаға және есірткі заттарының таралуына қарсы іс-қимыл бағытында бірқатар іс-шараларды өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында "синтетикалық есірткілерді" дайындауға арналған көлемі 5100 литр прекурсорлардың ірі партиясы табылды. Жалпы, жыл басынан бері 9 620 литр химиялық заттардың ("Тұз қышқылы", "Ацетон", "Фениппентан") және 1000 кг "Бромкетон-4" затының заңсыз тасымалдануының жолы кесілді, - делінген ҰҚК баспасөз қызметі ақпаратында. - Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған прекурсорлардың соңғы алушылары белгілі болып, есірткі зертханалары жойылды.
Сондай-ақ, Жамбыл облысында шекарашылар шетелге 1 млрд теңге сомасына 160 тонна кен мен бағалы металдар концентраттарын (құрамында алтын бар құм) заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.
Аталған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданған.