Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Білім саласындағы реформалар түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Тахир Балықбаев ШҚО-ға жұмыс сапарымен келді

Новости Казахстана / Білім саласындағы реформалар түсіндірілді
Фото:
Алдасан
Жұмыс сапарының аясында вице-министр шағын футболдан «Көктем-күз - 2016» Қазақстан ұлттық студенттер лигасының ойындарын ашып, артынша облыстық білім басқарма басшылары, жоғары оқу орындары және мектеп басшылары, оқытушылармен кездесті. Кейін «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттермен кездесті.

Бұл жиынның басты мақсаты қазіргі білім саласындағы болып жатқан өзгерістер мен атқарылып жатқан жұмыстардың жай-жапсары, болашақта білім берудің қандай жаңа жүйелері енгізілетіндігін түсіндіру болып табылады.

Тахир Оспанұлының айтуынша, 2016-2019 жылдарға арналған білім беру бағдарламасының негізгі алты идеясын атауға болады. Яғни, олар - индустриялық даму, білім беру жүйесіне үштілділікті енгізу, жеке және мемлекеттік секторлардың тең дәрежеде болуы, қаржылық есеп, ғылыми зерттеулерді ортақ қаржыландыру.

Жиын барысында ЖОО мен орта білім беру мекемелеріндегі оқыту жүйесі, сонымен қатар дуалдық білім беру жайы да сөз болды.

- Келесі жылдан бастап ҰБТ-дан шектік балл жинап өтпей қалған түлек, екінші мәрте ақылы тест тапсыратын болады, - деді вице-министр Тахир Оспанұлы. - Ал одан да өтпей қалса, ЖОО-ға шартты түрде қабылданатын болады. Яғни, 1 семестр университетте оқып, сынақ тапсырады. Егер сынақтан өтетін болса, оқуын ары қарай жалғастыруға болады.

Сонымен қатар, мектеп бітірген соң не ЖОО-ға түспей, не колледждерге түспей қалғандар 2017 жылдан бастап жұмысшы мамандығын алатын болады.

- 2002 жылдан бастап 12 жылдық білім беру жүйесіне қатысты түрлі сынақтар жүргізіліп келеді, - деді вице-министр. – Енді сол сынақтардың негізінде 1 қыркүйектен бастап балалар 1-сыныпқа 6 жастан баратын болады.

Айта кетейік, 2015 жылы 330 мың оқушы 1-сыныпқа барса, биыл 400 мыңдай бала барады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым вице-министрі 5 күндік оқу жүйесіне көшуге байланысты оқытушылардың жазғы демалысы да қысқарып қалмай ма деген қаупін де сейілтті.

Тахир Балықбаев өз баяндамасынан кейін жиынға қатысушылардың тікелей қойған сауалдарына да жауап берді. Осылайша өңірдің білім беру ұйымдарының басшылары қазіргі таңда қызу талқыға түсіп жатқан реформаларға қатысты толық мағлұмат алды.

Ерке Мұхаметкәрім
Следующая →