Өскемен
Бұлтты
  • Өскемен
  • Семей
    +1°
  • Алматы
    +2°
  • Риддер
    -2°
  • Астана
    -1°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Ақтау
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +1°
  • Түркістан
    +10°
  • Орал
    -4°
  • Шымкент
    +8°
$
491.29
562.92
¥
71.25
6.1
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

15 наурыз – Конституция күні деп белгіленді

Бұл туралы кеше экзит-полл нәтижелері таныстырылғаннан кейін Мемлекет басшысы мәлімдеді

Новости Казахстана / 15 наурыз – Конституция күні деп белгіленді
Фото:
t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 

Бүгін – Қазақстан үшін тарихи күн! Еліміздің азаматтары конституциялық реформаны қолдап, референдумға белсенді түрде қатысты. Отанымыздың болашағын ойлап дауыс берді. Бұл – өте жақсы оқиға. Қазір ғана экзит-поллдың нәтижелері шықты. Соған сәйкес қазақ елі түбегейлі тарихи таңдауын жасады. Халқымызға шынайы ризашылығымды айтқым келеді. Бүгін жұртымыз дауыс беріп, Қазақстанның тарихын, тағдырын айқындады. Бұл шешім дүние жүзі тарихында мәңгі сақталады. Бұл мәселе бойынша ешқандай күмәнім жоқ. Өйткені бұл – азаматтарымыздың бойындағы нағыз отаншылдық нышаны. Енді жыл сайын 15 наурызды – Конституция күні, яғни, еліміздің ең басты мерекесінің бірі ретінде қарсы аламыз. Себебі Қазақстан халқы жаңару мен жаңғыру үшін дауыс берді. Бұл – біздің бәрімізге ортақ жетістік. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! – деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда Конституция күні 30 тамызда тойланатын.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Конституция күні 15 наурыз ҚР Президенті