Референдум: әркім өзіне ыңғайлы сайлау учаскесінде дауыс бере алады
15 наурызда дауыс беру күні өзінің тіркелген жерінде болмағандарға ыңғайлы басқа сайлау учаскесіне баруына болады

Ол үшін есептен шығару куәлігі қажет, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
2026 жылғы 14 наурызда сағат 18.00-ге дейін Сіз өзіңіздің учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет. Комиссия Сізге есептен шығару куәлігін табыс етедi, - деп хабарлады ҚР Орталық референдум комиссиясы. - Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде өкіл арқылы да алуға болады. Сенімхатты нотариаттық куәландыру талап етілмейді. Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және оның телнұсқасы берілмейді.
Бір елді мекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейді.
Дауыс беру күні өзіңіз болатын жердегі учаскеде есептен шығару куәлігін көрсетіңіз. Учаскелік комиссия Сізді дауыс беруге арналған тізімге енгізеді. Толық ақпарат алу үшін өзіңіздің елді мекеніңіздің әкімдігінің call-орталығына хабарласуға болады.