Өскемен
Бұлтты
-15°
  • Өскемен
    -15°
  • Семей
    -12°
  • Алматы
  • Риддер
    -9°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Ақтау
    +5°
  • Атырау
    +4°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    -3°
  • Түркістан
    +10°
  • Орал
  • Шымкент
    +6°
$
497.56
586.92
¥
72.55
6.44
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зорлық-зомбылық көрген балаларға кешенді көмек көрсететін кабинеттер ашылады

Бұл кабинеттерде кәмелетке толмағандарға "бір терезе" қағидаты бойынша кешенді қолдау көрсетіледі

Новости Казахстана / Зорлық-зомбылық көрген балаларға кешенді көмек көрсететін кабинеттер ашылады
Фото:
ЖИ иллюстрациясы

Яғни, психологиялық көмектен бастап, сот-медициналық сараптама, бейінді мамандардың қатысуымен сауалнама сынды қажетті қызметтер бір жірде көрсетіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Аталған жаңашылдық 2025 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы қол қойған "Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген. Норма 2026 жылғы 2 наурыздан бастап күшіне енеді. Жақын арада кабинеттердің қызмет қағидалары бекітіліп, содан кейін өңірлерде оларды кезең-кезеңімен ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар заң аясында зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, буллингке ұшыраған немесе оның куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету қағидалары әзірленді. Құжат осындай балаларды анықтау тәртібін, оларға көмек көрсету тетіктерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының, 111 байланыс орталығының, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл мен өңірлік уәкілдердің өзара іс-қимыл алгоритмдерін айқындайды. Бұл ведомствоаралық жедел әрекет етуге және балаларға уақтылы кешенді көмек көрсетуге мүмкіндік бермек, - делінген министрлік ақпаратында.

Следующая →