Көкшетауда 152 млн теңге мемлекеттік субсидия жымқырылған
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация мен шаруа қожалығының басшысы екі жыл бойы жалған құжат арқылы субсидияны заңсыз алып келген

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне берілетін мемлекеттік субсидияларды жымқыру ісі бойынша тергеу жүргізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Екі жыл бойы "МолПродЖаркаин" ӘКК директоры А.С. Ефимкина және "Рассвет" шаруа қожалығының басшысы А.В. Маслов сүт және оны терең өңдеу өнімдерінің өндірісін арзандатуға арналған субсидияларды заңсыз алған, - деп мәлімдеді ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті. - "Рассвет" шаруа қожалығында мәлімделген көлемде сүт өндіруге жеткілікті мал басы болмаған. Соған қарамастан электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде "МолПродЖаркаин" ӘКК-не 3 млн кг-нан астам шикі сүт жеткізілгені туралы жалған құжаттар рәсімделген. Осы құжаттар негізінде сүтті сары май мен қатты ірімшікке өңдеу туралы есептер жасалып, уәкілетті орган өтінімдерді мақұлдағаннан кейін қаражат кәсіпорынның есепшотына аударылған.
Мемлекетке келтірілген жалпы залал 152 млн теңгені құрады.
Бұдан бөлек, Ефимкина алынған субсидиялардың бір бөлігі жасыру мақсатында туысының депозиттік шотына аударған. Кейін бұл қаражатқа жалға беріліп, табыс табу үшін пайдаланылған мобильді ғимарат сатып алынған.
Тергеу барысында 6 жер учаскесіне, 4 пәтерге, 11 автокөлікке, мобильді ғимаратқа және өндірістік нысанға тыйым салынды, - делінген ақпаратта. - Сот үкімімен А. Маслов пен А. Ефимкина 6 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Мобильді ғимарат мемлекет кірісіне тәркіленді. Қалған мүлікке салынған тыйым азаматтық талап толық орындалғанға дейін сақталады.
Үкім заңды күшіне енді.