Ақпан айы - Қан тапсыру айы деп жарияланды
Денсаулық сақтау министрлігінің бұл бастамасы ерікті, өтеусіз донорлық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ қоғамдағы жауапкершілік, өзара көмек және гуманизм құндылықтарын нығайтуға бағытталған

Ақпан айында еліміздің барлық өңірлерінде тақырыптық акциялар, донорлармен және серіктестермен кездесулер ұйымдастырылып, қан орталықтарында арнайы бағдарламалар жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Осы акция аясында кез келген азамат жақсылық жасауға ниет білдіріп, өз өңіріндегі қан орталығына барып, ерікті түрде қан тапсыра алады.
Қазақстанда жыл сайын 180 мыңнан астам азамат донор атанып, олар жалпы алғанда қан мен оның компоненттерін 250 мыңнан астам рет тапсырады, - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. - Жыл сайын 80 мыңнан астам пациентке қан компоненттері құйылады, ал жалпы трансфузиялар саны жылына шамамен 400 мыңға жетеді.