Өскемен
Қалың бұлтты
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Семей
    -12°
  • Алматы
    +3°
  • Риддер
    -7°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Ақтау
    +1°
  • Атырау
    -1°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -15°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -15°
  • Петропавловск
    -14°
  • Тараз
    +8°
  • Түркістан
    +10°
  • Орал
    -9°
  • Шымкент
    +9°
$
501.02
597.27
¥
72.08
6.59
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ашық есік күнінде әскери бөлімдерге төрт мыңнан астам адам келді

Сарбаздардың ата-аналары мен жақындары әскердегі өмірді көзбен көріп, қызмет және тұрмыс жағдайларымен танысты

Новости Казахстана / Ашық есік күнінде әскери бөлімдерге төрт мыңнан астам адам келді
Фото:
ҚР Қорғаныс министрлігі

Ұлдары ата-аналарына қызмет барысында нені меңгергендерін көрсетті, қонақтарға қару-жарақ пен әскери техника көрмелері ұйымдастырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Келушілерге тәрбие жұмысын ұйымдастыру және әскери тәртіпті сақтау бойынша қорғаныс ведомствосы тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, қаруды қолдану, сабақтар мен жаттығулар өткізу кезіндегі қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілетіні егжей-тегжейлі түсіндірілді. Қонақтар казармаларды аралап, жатын бөлмелер мен тұрмыстық аймақтарды көрді. Ата-аналар ұлдарымен бірге түскі ас ішті.

Елордадағы бригададаға Қарағанды, Шымкент, Қызылорда, Қостанай және Астана қалаларынан барлығы 170-тен астам ата-ана жиналды.

Қатардағы жауынгер Диас Базкеновтің әкесі Асхат пен оның туған ағасы Сәбит Базкенов Қарағанды қаласынан арнайы келген. Жауынгерлік жарыстың жеңімпазы атанған Диас Базкеновтің суреті бөлімшенің құрмет тақтасына ілінген.

Сәбит Базкеновтің өзі кезінде тәжік-ауған шекарасында әскери борышын өтеген. Ол қазіргі әскердің жағдайын көріп, ерекше әсер алғанын айтты.

Мен өзім тәжік-ауған шекарасында қызмет атқардым. Ол кездің қиындығы аз болған жоқ. Бүгінгі жастардың әскери борышын абыроймен өтеп жүргенін көріп, көңілім марқайды. Диас сияқты тәртіпті, намысты ұлдар елдің қорғаны болары сөзсіз. Жастарға айтарым – Отан алдындағы борышты адал атқарып, әскери тәртіпке әрдайым берік болсын, – деді ол.

Сондай-ақ Сәбит Базкенов әскери бөлім басшылығына да ризашылығын білдірді.

Баламыздың қызмет ету жағдайын өз көзімізбен көрдік. Барлық қажетті жағдай жасалған, тәртіп пен талап бар. Әскери бөлім қолбасшылығына алғысымды айтамын, – деп түйіндеді ол.

Ал Ақтау гарнизонының әскери бөлімдері 400-ден астам қонақты қабылдады. Әскери-теңіз күштерінің әртекті кемелер дивизионында ата-аналар теңіз қызметінің атмосферасына қанықты. Олар матростардың тұрмысымен танысып, кают-компаниялар мен камбузды аралады.

Теңіз жаяу әскерлері бригадасында ата-аналардың қатысуымен спорттық жарыстар өтті. Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласы бойынша "Аналар жүрегі" сарбаз аналары комитетінің төрайымы Гүлмира Жанысбаева жарыстың бастамашысы болды.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелері де 400-ден астам қонақты қарсы алды. 37-десанттық-шабуылдау бригадасында қонақтарға парашютті қалай кию керектігі көрсетіліп, арнайы кешенде әуе-десанттық дайындық элементтері таныстырылды.

Іс-шараға қатыса алмаған ата-аналар мен жақындары үшін әскери бөлімдердің басшылығы "Отбасымен бейнеқоңырау" сервисі арқылы байланыс ұйымдастырды.

Бірыңғай Ашық есік күні ата-аналарға ұлдарының кәсіби командирлердің басшылығымен қызмет атқарып, жан-жақты қолдауға ие болып отырғанына көз жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл шара армия туралы қалыптасқан стереотиптерді еңсеруге, сондай-ақ сарбаздарға деген қамқорлықтың Қарулы күштер үшін сөзсіз басымдық екенін нығайта түсуге бағытталған маңызды қадам болды.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Ашық есік күні Сарбаздармен бір күн