ясно
°
$
502.27
+0.48
597.15
+2.08
¥
72.22
+0.06
6.57
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейлік бойжеткен түнде тұрғындардың үрейін ұшырып жүр

Семей тұрғыны әлеуметтік желіде өзінің белгісіз әйелден қашқан видеосын жариялаған болатын

Новости Казахстана / Семейлік бойжеткен түнде тұрғындардың үрейін ұшырып жүр
Фото:
pexels

Видеода түн ортасында жұмыстан қайтқан оның артынан белгісіз бір әйел аңдып, қорқытқаны бейнеленген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сол жағдайдан шошып қалған қыз бала видеоны желіге жүктеп, ол ролик жылдам тарады. 

Подъезге кірмек болған қыздың артынан іле-шала еріп келген бейтаныс әйел дөрекі сөздер айтып, дау шығарып, "Соқыр болғың келе ме?" деп қорқытқан. Қыз бала таныс емес әйелді бірінші өткізбекші болады. Алайда ол бірінші өзің кір, деп ішке енбеген. Қорыққан әйел бірден ағасына хабарласып, ол көмекке келеді. Үрейленген қыз камераны қосып, түсіре бастағанда бейтаныс әйел адам бірден өзгеріп сала береді.

Бұл жағдай 25 қаңтар күні Семейдегі Қарағайлы ауданында таңғы 03.21-де болған. Қазір осы оқиға тергелуде.

Абай облысының ПД бұл іске қатысты тергеу жүргізіп, іс материалдары сотқа жолданған. Сотта бұл іс бұзақылық деп бағаланып, үрей тудырған әйелге 85 мың теңге айыппұл салынған.

Бұл видеодан кейін дәл осы әйелдің бір түрлі әрекеттері туралы бірнеше адам айтып, пікір қалдырып, видео жіберген.

Следующая →