Өскемен
облачно
-14°
  • Өскемен
    -14°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -17°
  • Ақтөбе
    -15°
  • Актау
    -3°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -17°
  • Көкшетау
    -24°
  • Қостанай
    -24°
  • Қызылорда
    -7°
  • Павлодар
    -18°
  • Петропавловск
    -29°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -14°
  • Шымкент
    +2°
$
506.7
-0.35
593.14
-1.68
¥
72.76
-0.10
6.53
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Президент Парламенттің атауын "Құрылтай" деп өзгертуді ұсынды

Бір палатадан тұратын (сенат жойылады) жаңа Парламенттің атауы "Құрылтай" деп өзгертілмек

Новости Казахстана / Президент Парламенттің атауын "Құрылтай" деп өзгертуді ұсынды
Фото:
t.me/aqorda_resmi

Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз қозғады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Болашақ Парламенттің атауы бойынша пікірімді айтсам. Құрылтай деген атауды беру керек деп ойлаймын. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға да жақын. Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтергенмін. Осы баяндаманың басында құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым. Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президенттің айтуынша, депутаттар санына байланысты қызу пікірталас туған. Жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын мұқият зерделеп, қызу талқылаған. Олар Парламенттің мандат саны 145 болуы керек деген тоқтамға келген. Жаңа Парламентте төрағаның 3 орынбасары болуы мүмкін. Ал 145 депутат партиялық тізім бойынша 5 жылға сайланады. 

Жаңа  Парламенттен Президент квотасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы квотасы алынып тасталады.

Сондай-ақ Конституциялық соттың, Жоғары аудиторлық палатаның, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Құрылтайдың келісімімен тағайындалады. Ал Жоғарғы сот судьяларын Президенттің ұсынуымен Құрылтай сайлайды. 

Жергілікті мәслихаттар үшін мажоритарлық сайлау жүйесі сақталады.

Жастарға, әйелдерге және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған квоталар өзгеріссіз қалады. Партиялардың өту шегі 5% деңгейінде сақталады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының вице-президенті лауазымы қайта енгізіледі. Ал Мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады.

Следующая →