"Торпедо" Континенталдық кубоктың күміс жүлдегері атанды
2025-2026 жылғы маусымның финалдық кездесулері Англияның Ноттингем қаласында өтті

Турнирдің шешуші кезеңінде өскемендік команда жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, нағыз мінез таныта білді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл өскемендік "Торпедо" хоккей клубының өз тарихындағы Континенталдық кубоктағы алғашқы жүлдесі.
"Торпедо" даттың "Хернинг Блю Фокс" клубын 6:2 есебімен сенімді түрде жеңсе, Францияның "Дюк Д’Анже" командасымен өткен тартысты ойында овертаймда ғана 2:3 есебімен есе жіберді.
Ал алтын жүлде үшін өткен кездесуде қазақстандық клуб алаң иелері - "Ноттингем Пантерз" командасымен шеберлік байқасты. Тартысты ойын 4:2 есебімен британдық клубтың пайдасына аяқталды. Турнир қорытындысы бойынша "Торпедо" жүлделі екінші орынды иеленді.
Бұл клуб тарихындағы Континенталдық кубоктағы ең үздік нәтиже. Бұған дейін өскемендік хоккейшілердің ең жоғары жетістігі 2007-2008 жылғы маусымда жеңіп алған қола жүлде болатын.
Континенталдық кубоктағы күміс медаль "Торпедо" үшін ғана емес, жалпы қазақстандық хоккей үшін де маңызды жетістік. Бұл нәтиже клубтың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілетті екенін айқын дәлелдеді.