Жемқорлық туралы хабарлағандарға барлығы 24,2 млн теңге сыйақы төленген
ҰҚК қызметіне 61 адам сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған

Ұлттық қауіпсіздік комитеті былтыр сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмысы нәтижесінде 895 адамның заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
1 052 қылмыстық іс қозғалып, 969-ына қатысты тергеу аяқталды, оның 860-ы сотқа жолданды. Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын ұрлау сияқты қылмыстарға қатысты. Ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылды. Құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды, - деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 61 адамға 24,2 млн теңге сомасында сыйақы берілді.