Қазақстандағы халық саны 20,4 миллион адамға жетті
Бір жылда халық саны 195 480 адамға артқан

Фото:
Устинка LIVE
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан халқының саны 20 478 879 адамды құрады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Халық саны ең көп қалалар:
- Алматы – 2 345 012 адам;
- Астана – 1 630 640 адам.
Облыстар арасында көш бастап тұрған өңірлер:
- Түркістан облысы – 2 148 168 адам;
- Алматы облысы – 1 592 652 адам.
Халқы ең аз өңірлер:
- Ұлытау облысы – 219 200 адам;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 514 732 адам.