TikTok пен YouTube-та заңсыз құмар ойын өткізгендер анықталды
Ойлайн ойын бизнесі арқылы "TauBrat" парақшасы 93 млн теңге тапқан

Екі күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментіне сілтеме жасап.
Күдіктілер екі жыл бойы "TauBrat" парақшасы арқылы TikTok және YouTube платформаларында тікелей эфирлерде "Тринька" атты заңсыз құмар ойын өткізген. Қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыру үшін олар банктік карталар рәсімделген "дроптарды" пайдаланып, ақша қолма-қол шығарылған. Жалпы қылмыстық табыс 93 млн теңгеден асып, сол қаражатқа күдіктілер Hyundai Sonata автокөлігін және тұрғын үйі бар жер телімін сатып алған, - делінген хабарламада.
Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.