Өскемен
облачно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -14°
  • Актау
    -2°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -16°
  • Қызылорда
    +1°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -13°
  • Шымкент
    +4°
$
519.61
610.13
¥
73.73
6.54
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Президент Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында ЖЭО салу қажеттігін айтты

Ақордада энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті

Новости Казахстана / Президент Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында ЖЭО салу қажеттігін айтты
Фото:
t.me/aqorda_resmi

Жиын барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның көмірге бай ел екенін және осы стратегиялық артықшылықты дұрыс пайдалану керектігін атап өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің пікірінше, Қазақстанның табиғи ресурстарын және өндірістік әлеуетін ескерсек, біз электр қуатын басқа елдерден сатып алмауымыз керек.

Түптеп келгенде, бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Бұдан бөлек, еліміздің зор энергетикалық мүмкіндігін тиімді қолдану қажет. Мысалы, Қазақстан – көмірге бай ел. Жыл сайын 110 миллион тоннадан астам көмір өндіріледі. Осы стратегиялық артықшылықты дұрыс пайдаланған жөн.  Біз заманауи үлгідегі "таза көмір" технологиясына тезірек көшуіміз керек. Сол арқылы көмір станцияларының тиімділігін арттыра түсеміз. Бұдан бөлек, Курчатов қаласында жылу электр станциясын, Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында жылу электр орталықтарын салу қажет. Осы нысандардың барлығына "таза көмір" технологиясын енгізу керек. Шындығын айтсақ, бұл жобалардың жүзеге асуы әбден созылып кетті. Енді ары қарай күтуге болмайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Следующая →