Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жарылыс болып, екі жұмысшы қаза тапты. Жарылыс №4 цехта болған
Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жарылыс болып, екі жұмысшы қаза тапты. Жарылыс №4 цехта болған, деп хабарлайды «24.kz телеарнасының сайты».
Зауыттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, цехта қарағандылық мердігер компания жұмысшылары гидрожүйені керосинмен тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан. Сол кезде жарылыс болып, қондырғыдан өрт шыққан. Өрт жедел сөндірілген. Екі жұмысшы оқиға орнында қаза тапқан. Қазір еңбек инспекциясының қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Қауіпсіздік ережелерінің қаншалықты сақталғаны тексеріледі. Әзірге жарылыс себебі анықталған жоқ.