Өскемен
пасмурно
-8°
  • Өскемен
    -8°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +4°
  • Қарағанды
    +1°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +3°
$
508.2
-5.25
589.82
-7.17
¥
71.89
-0.72
6.54
-0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі өтпейтін болды

Ол осы жексенбіде  АҚШ-тың Техас штатында үш чемпиондық белбеуді сарапқа салатын жекпе-жекте Эрисланди Ларамен жұдырықтасуы керек еді

Новости Казахстана / Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі өтпейтін болды
Фото:
instagram/qazsport_official

Жәнібек Әлімханұлының талдамасынан тыйым салынған зат табылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "QAZSPORT" телеарнасына сілтеме жасап.

Ерікті допингке қарсы VADA қауымдастығы қазақстандық боксшының сынамасынан тыйым салынған мельдоний препаратын табылғанын мәлімдеді.

Жаңалыққа таң қалдық деген себебіміз VADAның бірінші алған анализдері таза деген хабар келген болатын, екінші анализде даулы мәселе бар деген хабар жетті. Екі анализ арасында тамаққа да, витаминге де ешқандай өзгеріс жасамадық. Бұл қалай болды екен деп түсінбей отырмыз, - деп мәлімдеме жасады Жәнібек Әлімханұлының командасы. - Қазір менеджерлер мен заңгерлер жұмыс істеп жатыр. Қайта анализ тапсырсақ деген өтінішті айттық. Ескі анализдің екінші нұсқасын да тексерту, зертханадағы жұмыс бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мамандардан хабар күтудеміз.

WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлының тест сынамасынан тыйым салынған зат анықталғанын мәлімдеген болатын. Қазір ішкі тексеріс жүргізіліп жатыр.

Спортшының өзі де парақшасында: "Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер" деп жазды.

Следующая →