Өскемен
облачно
-3°
  • Өскемен
    -3°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +7°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +7°
$
518.66
597.44
¥
72.94
6.56
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Абайлықтар үй мен көлік алу үшін қаржы пирамидасына 7 млрд теңге құйған

Абай облысында кооперативі түрінде жасырылған "ELL QUATY" қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Новости Казахстана / Абайлықтар үй мен көлік алу үшін қаржы пирамидасына 7 млрд теңге құйған
Фото:
Устинка LIVE

Қаржылық пирамиданы ұйымдастырып, халықты тонағандар қамауға алынды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚМА ақпаратына сүйеніп.

Ұйымдастырушылар азаматтарды "HALYK QUATY" кооперативіне мүше болуға шақырып, тұрғын үй мен автокөліктерді пайызсыз бөліп төлеу арқылы алуға болады деп сендіріп, пайлық жарналарды енгізуді ұсынған, - деп мәлімдеді Қаржылық мониторинг агенттігі. - halykquaty.kz сайты және әлеуметтік желілер арқылы өз қызметін жарнамалап, "Әр отбасыға бақыт!" деген ұранды пайдаланып, "халықтық кооператив" деген жалған бейне қалыптастырған.

"HALYK" тауарлық белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін кооператив атауы "ELL QUATY" болып өзгертілген.

Жаңа салымшыларды тарту үшін басшылық түрлі маркетингтік акциялар да өткізген, соның ішінде "Солнечная Турция" туристік жолдамаларын ұтысқа қойған.

Қылмыстық жолмен түскен табысты заңдастыру мақсатында ұйымдастырушы өз атына "QAZ INFO MARKET" ЖШС тіркеп, онда кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерге төлем ретінде көрсетіп, салымшылардан түскен қаражатты шығарған. Алайда бұл қызметтер іс жүзінде көрсетілмеген, - деп хабарлады ҚМА. - Нәтижесінде пирамидаға 1,5 мыңнан аса салымшы тартылып, олар жалпы 6,8 млрд теңге қаржы құйған.

Ұйымдастырушы қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Следующая →