Анти Call-орталығы 70 мыңнан астам шетелдік алаяқтың қоңырауын тоқтатты
Астанада киберқылмыскерлердің қоңырауларын тоқтатып, алаяқардың алдын алатын Анти Call-орталығы іске қосылды

Мұндай орталық басқа қалаларда да пайда болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жұмыс басталған сәттен бастап, үш айдан астам уақыт ішінде ықтимал құрбандарға шалынған 70 мыңнан астам шетелдік қоңырау тоқтатылды. Орталық білікті операторлармен жасақталған және прокурорлардың тәулік бойы үйлестіруімен жұмыс істеуде. Нәтижесінде Астанада ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша интернет-алаяқтықтың 22%-ға тұрақты төмендеуі байқалуда, - деп мәлімдеді Бас прокуратура.
Сондай-ақ осы орталық қазақстандықтарға қатысты қылмыстық алаяқтық әрекет жүргізетін шетелдік колл-орталықтары мен цифрлық құрылғылардың орналасқан жерін анықтай алады. Мәселен, Ресейдің, Украинаның және Арменияның құқық қорғау органдарымен бірлесіп телефондық алаяқтықпен айналысқан он қылмыстық кеңсе әшкереленіп, олардың қызметі тоқтатылған.
63 қаскүнем қолға түсті, бейнені және дауысты ауыстыруға арналған бағдарлама (дипфейк технологиясы) және Қазақстан азаматтарының дербес деректер базасы бар жүздеген арнайы техника тәркіленді, - деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратурасы. - Бұл қылмыстардың шегі жоқ, сондықтан оларға қарсы күресте халықаралық өзара іс-қимыл маңызды. Мәселен, Беларусь Республикасының құқық қорғау органдарымен бірлескен жедел-тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта Беларусьте басқа елдердің, оның ішінде Қазақстан азаматтарын алдап-соққан 55 адам жауапқа тартылуда. Олар қазақстандықтардың 67 миллион теңгеден астам сомасын иемденген.
Бас прокурордың тапсырмасы бойынша бұл жоба ауқымы кеңейтілді. Анти Call-орталықтары "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп басқа да облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда құрылуда.