Өскемен
ясно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +11°
  • Орал
    +8°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +7°
  • Павлодар
    -3°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +12°
$
522.19
606.42
¥
73.56
6.47
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтті

Форум аясында ауыл шаруашылығы саласының 30 маманы мемлекеттік наградаға ие болды

Новости Казахстана / Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтті
Фото:
t.me/aqorda_resmi

Алғаш рет "Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы ауыл шаруашылығы саласында озат атанған төрт азаматқа табысталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ең алдымен, барша ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын деймін. Бұл шын мәнінде, нағыз еңбек адамдарының мейрамы екені сөзсіз. Диқандар, мал шаруашылығы мамандары, шаруалар – бәрі де еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосуда. Қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін, - деді Президент.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ауыл шаруашылығы саласының 30 еңбеккері мемлекеттік награда алды. Атап айтқанда, бір адам – "Парасат" орденінің кавалері, саланың 6 өкілі "Құрмет" орденінің иегері атанды. II дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен 1 азамат, III дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен 10 адам, "Ерен еңбегі үшін" медалімен 6 еңбеккер марапатталды. Сондай-ақ бүгінгі іс-шарада "Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы ауыл шаруашылығы саласында озат атанған төрт азаматқа алғаш рет тапсырылды.

Еліміздің негізгі көрсеткіштері тұрақты. Биылғы он айда экономикамыз 6,4 пайызға өсті. Соның ішінде ауыл шаруашылығы да қарқынды дамуда. Жыл басынан бері осы саладағы негізгі капиталға салынған инвестиция 20 пайыздан астам өсіп, 790 миллиард теңгеге жетті, - деп атап өтті Мемлекет басшысы. - Ал еңбек өнімділігі үш жылда 37,3 пайызға артты. Қазақстан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі рейтингі бойынша (Global Food Security Index) 32-ші орында тұр. Бұл – жақсы көрсеткіш. Бірақ бұл мәз болып, қол қусырып отыруға болады деген сөз емес. Себебі ашығын айтуымыз керек, біз ауыл шаруашылығының орасан зор әлеуетін әлі де толық қолданбай отырмыз. Еліміз жайылымдық жер аумағы бойынша әлемде 6-шы орын алады. Ал егіс алқабы бойынша 8-ші орында тұр. Демек қолымызда қажетті ресурс бар, тек соны тиімді пайдалануымыз қажет.

Президент соңғы он жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,5 еседен астам өскенін, яғни 3,3 триллион теңгеден 8,3 триллион теңгеге дейін көбейгенін тілге тиек етті. 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті тағы 2 есе арттыруымыз керектігін баса айтты.

Следующая →