Егін жинау науқанында шаруаларға дизель отыны жеңілдікпен берілуде
Ауыл шаруашылығы министрлігі егін жинау науқанын жүргізу үшін шаруаларды жеңілдетілген дизель отынымен қамтамасыз етті

Литрі 254 теңгеден 422 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Науқанға 132 мың трактор, 31 мың астық комбайны, 17 мың орақ машинасы және 130 мың өзге де техника қатысуда, оның ішінде 4,2 мыңнан астам ,2 мыңнан астам заманауи John Deere және CLAAS комбайндары бар. Егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарына 254 теңге/литр бағамен 422 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, бұл нарықтық бағадан 20%-ға төмен. Қазіргі уақытта 332 мың тоннасы немесе жоспардың 79%-ы тиеліп берілді, – деді ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.
Сондай-ақ, қыркүйек-қараша айларында астықты кептіру үшін 40 мың тонна дизель отыны бөлінді, оның 31%-ы бүгінгі күнге жөнелтілді.