ясно
°
$
502.27
+0.48
597.15
+2.08
¥
72.22
+0.06
6.57
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Теміржол билеттеріне жеңілдіктер қысқа дейін ұзартылды

Енді жолаушылар 3 қараша мен 11 желтоқсан аралығында 7 бағытқа билеттерді 40%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады

Новости Казахстана / Теміржол билеттеріне жеңілдіктер қысқа дейін ұзартылды
Фото:
"Жолаушылар тасымалы" АҚ

Соның ішінде Астана-Өскемен және Алматы-Өскемен бағыттары да бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздар:

  • № 9/10 "Астана – Алматы"
Вагон түрі: отыратын (2С)
Жеңілдік: 40% — пойыз жөнелтілуіне 45-тен 10 күнге дейін сатып алынған орындарға;

  • № 65/66 "Астана – Жезқазған"
Вагон түрі: туристік (2Д)
Жеңілдік: 25% — купелік орындарға;

  • № 67/68 "Астана – Өскемен"
Вагон түрі: туристік (2Д)
Жеңілдік: 30% — үстіңгі сөрелерге;

  • № 77/78 "Алматы – Маңғыстау"
Вагон түрі: купе (2К)
Жеңілдік: 25% — үстіңгі орындарға;

  • № 351/352 "Алматы – Өскемен"
Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)
Жеңілдік: 30% — үстіңгі орындарға;

  • № 691/692 "Атырау – Ақтөбе"
Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)
Жеңілдік: 20% — үстіңгі орындарға.

Күн сайын қатынайтын пойыз:

  • № 11/12 "Алматы – Шымкент"
Вагон түрі: туристік (2Д)
Жеңілдік: 25% — купелік орындарға.

Жеңілдікпен билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе вокзалдағы билет кассаларынан алуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 тегін нөміріне қоңырау шалуға немесе WhatsApp арқылы +7 776 714 5686 нөміріне хабарласуға болады.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Пойыз билеттері Жеңілдік 7 бағыт