Өскемен
малооблачно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +25°
$
540.18
+0.63
628.93
+1.38
¥
75.59
+0.07
6.68
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

145 мектепте стоматологиялық кабинет ашылған

"Болашаққа сау тіспен" бағдарламасы шеңберінде оқушы саны 1 мыңнан асатын мектептерде стоматология кабинеттері ашылды

Новости Казахстана / 145 мектепте стоматологиялық кабинет ашылған
Фото:
pexels

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сүйенсек, осы кабинеттердегі профилактикалық тексеру балалардың стоматологиялық ауруларға көп шалдығатынын көрсетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Балалардың 77,2%-да тісжегі анықталады және бұл студенттердің арасында ең көп таралған патология болып қала береді.

Жаңа стоматологиялық кабинеттерде оқушыларға кешенді профилактикалық көмек көрсетіледі:

  • стоматологиялық ауруларды ерте диагностикалау;
  • стоматологқа емделуге жолдама;
  • ауыз қуысының гигиенасы ережелерін үйрету;
  • балалармен, педагогтармен және ата-аналармен санитариялық-ағарту жұмыстары.

Балаларға ерте шақтан бастап тұрақты стоматологиялық күтім дағдыларын қалыптастыру үшін мектепке дейінгі мекемелерде ауыз қуысының гигиеналық бұрыштары ұйымдастырылуы керек.

Қазақстанда балаларға стоматологиялық көмек балалар стоматологиялық емханаларында немесе медициналық ұйымдардың стоматологиялық кабинеттерінде аумақтық белгісі бойынша, МӘМС жүйесінде тегін негізде көрсетіледі (профилактикалық қарап-тексерулер, шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек, балаларды ауыз қуысының гигиенасы бойынша санитариялық-гигиеналық дағдыларға үйрету), - деп ескертеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. - Мүгедектігі белгіленген балаларға стоматологиялық қызметтер тәулік бойы медициналық бақылаумен және емдеумен медициналық ұйымдардың базасында көрсетіледі.

Қазіргі уақытта елде 7 942 мектеп жұмыс істейді, олардың әрқайсысы МСАК медициналық ұйымына бекітілген. Мектептерде 6 353 медициналық пункт ұйымдастырылды, оларда балаларға медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді қамтамасыз ететін 6 мыңнан астам мейіргер жұмыс істейді.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ресми сайтында (msqory.kz) стоматологиялық қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың тізбесі орналастырылған.

Следующая →