Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +28°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +30°
$
537.75
-0.58
626.43
-0.56
¥
74.92
-0.10
6.71
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Азия елдерінің мергендері Қазақстанда бас қоспақ

Әлемнің 26 елінен келген 800 спортшы Азия чемпионатында сынға түседі

Новости Казахстана / Азия елдерінің мергендері Қазақстанда бас қоспақ
Фото:
t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

16-30 тамыз күндері Шымкент қаласында нысана көздеуден және стенд атудан 16-шы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Туризм жəне спорт министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Сары құрлық додасына Бахрейн, Вьетнам, Гонконг, Үндістан, Қатар, Қытай, Кувейт, Малайзия, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония сынды 26 мемлекеттен 800-ден астам спортшы қатысады.

Азия біріншілігінде 700-ден астам медаль сарапқа салынады. Нысана көздеу бағдарламасында спортшылар пневматикалық тапанша (10 м), тапанша (25 және 50 м), винтовка (10 және 50 м), сондай-ақ жылжымалы нысана көздеуден жекелей және командалық сындарда бақ сынайды. Стенд атуда трап, скит, скит-микс, трап-микс, дубль, жекелей және командалық бәсекелер өтеді, - деп мәлімдеді  Туризм жəне спорт министрлігі. - Мергендер додасына Халықаралық нысана көздеу федерациясының (ISSF) президенті Лучано Росси, Азия нысана көздеу қауымдастығының (ASC) президенті шейх Салман әл-Сабах, Араб елдері және Кувейттің нысана көздеу федерациясының президенті Дуайч Алотайби, ISSF бас хатшысы Александр Никотра Сент-Джеймс қатысады.


Следующая →