Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +30°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +28°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +34°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +32°
$
539.49
627.7
¥
75.1
6.75
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Абай облысындағы Қарауылда "Ұлы дала алтыны" көрмесі ашылды

Көрмеге Шілікті, Берел, Елеке сазы, Ақжайлау, Қарақоба қорымдарының бірегей артефактілері қойылған

Новости Казахстана / Абай облысындағы Қарауылда "Ұлы дала алтыны" көрмесі ашылды
Фото:
expertise.kz

Ұлы ақынның 180 жылдығына келген қонақтар бұл көрмені 7-10 тамыз аралығында тамашалай алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Ұлы дала алтыны" көрмесі ежелгі көшпенділер өркениетінің үздік туындыларының нағыз қазынасы болып табылады. Облыстық тарихи-өлкетану музейі ұсынған экспозицияның археологиялық артефактілері шынында бірегей және толық эксклюзивті. Бұл Қазақстан Республикасының жетекші археологтары Зайнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаевтың "Шығыс Қазақстан облысында археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасын" іске асыру бойынша қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Қорғандарды қазу барысында табылған заттардың көпшілігі біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VII ғасырларға жатадды. Көшпелілер дәуірінің жауһарлары бұл өркениеттің жоғары деңгейде дамығанын, өткен ғасырлардағы зергерлердің тамаша шеберлігін көрсетеді.

Көрме қонақтары алтыннан жасалған бірегей әшекейлерді, жауынгерлердің қару-жарағын, киім элементтерін, жылқының сәнді жабдықтарын және басқа да құнды жәдігерлерді тамашалай алады. Көрмеге қойылған артефактілер мыңдаған жылдар бұрын Қазақстан аумағында қалыптасқан бай тарихи-мәдени мұраны айғақтайды.

Следующая →