Қазақстанда өңірлік травматологиялық орталықтар құрылмақ
Бұл орталық жаңа технологияларды енгізу, кадрлар даярлау және бейіндік қызметтерді үйлестірмен айналыспақ

Травматологиялық орталықтарды Ақтөбе, Семей, Астана, Қарағанды, Алматы, Шымкент қалаларында құру жоспарлануда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл туралы академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының директоры Олжас Бекарысов хабарлады.
Біз Өңірлік травматологиялық орталықтар құру тұжырымдамасын ұсындық. Еліміздің географиялық ерекшеліктерін, шалғайлығын, халықтың әртүрлі тығыздығын ескерсек, бұл өте өзекті мәселе. Осылайша, елімізде бірінші кезеңде ірі медициналық жоғары оқу орындарына негізделген бірнеше өңірлік травматологиялық орталықтар құруды жоспарлап отырмыз - Ақтөбе, Семей, Астана, Қарағанды, Алматы, Шымкент қалаларында. Оларға жаңа технологияларды енгізу, кадрлар даярлау және бейіндік қызметтерді үйлестіру тұрғысынан өкілеттіктер беріледі. Бұған бөлімшелерді ірілендіру, кадрлық база құру арқылы қол жеткізіледі, - деді Олжас Бекарысов.
Қазіргі кезде пилоттық жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр – Балқаш қаласында өңірлік травматологиялық орталық құрылуда. Өйткені қала ірі республикалық жолдардың айрығында жатыр және облыс орталықтарынан өте алыс орналасқан.