ҚТЖ-ның жолаушылар таситын вагондары 2030 жылға дейін толық жаңарады
5 жыл ішінде ҚТЖ жолаушылар вагон паркін 100 пайызға жаңартуды көздеп отыр

Ол үшін швейцариялық Stadler компаниясының және өзіміздің Петропавл қаласында құрастырылатын заманауи вагондар сатып алынады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілішісі.
Ауқымды жаңғырту бағдарламасы аясында Stadler компаниясының өндірісінен шыққан 557 заманауи вагон жеткізу жоспарланған. Оның алғашқы 51 бірлігі биыл жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі, - деп мәлімдеді "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі. - Сонымен қатар, Петропавл қаласындағы ЗИКСТО зауытында құрастырылып жатқан жаңа үлгідегі вагондар заманауи талаптарға толық сай келеді. Биыл ҚТЖ 107 вагонды қабылдауды жоспарлап отыр.
Астана – Бурабай және Астана – Қарағанды бағыттарына жаңа үлгідегі, 18 вагоннан тұратын екі электр пойызы жолға шықты. Жақын арада тағы бір құрам жеткізіледі деп күтілуде. Бұдан бөлек, 2027 жылға дейін отандық өндірушіден қосымша 350 вагон сатып алынбақ.
Бүгінгі таңда ҚТЖ-ның жолаушыларға қызмет көрсететін жылжымалы құрам паркі - 2 167 бірлік. Оның ішінде 732 Talgo вагоны, 1 321 стандартты вагон және 114 мотор-вагонды құрам бар.