TikTok-тың тікелей эфирінде құмар ойындар ұйымдастырған
Алматының екі тұрғыны осылайша 10,5 миллион теңге табыс тапқан

Ойынға қатысушылар ақшаны банк қосымшалары арқылы аударған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚМА ақпаратына сүйеніп.
Тергеу барысында күдіктілердің TikTok әлеуметтік желісі арқылы тұрақты түрде тікелей эфир өткізіп, құмар ойын ұйымдастырғаны анықталды. Азаматтар ойынға қатысу үшін ақша қаражатын банктік қосымшалар арқылы ұйымдастырушылардың шоттарына аударып отырған. Жиналған заңсыз табыс көлемі 10,5 миллион теңгені құрады, - деп мәлімдеді ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті. - Сот үкімімен екеуі де заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Біріне 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, екіншісі 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды.
Айта кету керек, TikTok-тағы ойындардың негізгі аудиториясын жастар құраған.