Құралайдың салқыны басталып, күн салқындады
Бұл Қазақстанның орталығы және солтүстік аумақтарында шамамен 20 мамырдан басталып, оншақты күнге созылатын ауа райының құбылмалы күндері

Бұл күндері адамға да, малға да жайсыз қара суық, ызғырық жел еседі не жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мамырдың аяғында соғатын суық желде киік (ақбөкен) құралайларын (лағын) аяқтандырып, жүгіртіп өргізеді. Сол аралықта құдайдың құдіретімен даладағы қасқырлардың да тістері қақсап, ет жеу түгілі аңға шығудан қалады. Жалпы киіктің жаппай төлдеу кезеңі 2-3 күннен арыға созылмайды. Ақбөкеннің тағы бір ерекшелігі - оның ешкісі кез келген құралайды емізіп, өз лағындай қарайды. Киік төлдерінің жетім қалмауы осыдан.