Жеңіс күніне орай елде "Батырларға тағзым" шеруі өтеді
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында елімізде мыңдаған іс-шара өтіп жатыр

Бүгінгі әскери шеруде мемлекет басшысы 500-ге жуық көшеге Қазақстан қаһармандарының есімі берілетінін айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Сондай-ақ, қазақстандық майдангерлерге арналған "Батырларға тағзым" атты шеру өтеді. Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғысқа қатысушылардың ұрпағы аталарының суреттерін көшелермен алып жүреді.
Бүгінгідей жаһандық саясатқа агрессия мен қатыгездіктің жегі құрты дендеп енген кезеңде соғыстың қасіретін еліміздің барша азаматына түсіндіру аса маңызды. Ақиқатты танымай бейбітшіліктің қадірін білу мүмкін емес. Соғыстың тарихи ақиқатын, Ұлы Жеңістің мән-мағынасын қасақана бұрмалауға жол беруге болмайды. Қазіргі құбылмалы заманда Қазақстан үшін ең басты мақсат – ұлт мүддесін қорғау. Сыртқы саясатымыз осы мақсатты қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатыр. Қазақ халқы – бейбіт халық. "Жаным – арымның садағасы" деген өр намысты, айбарлы ел, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.