ШҚО-ның бірқатар колледжі Қытайдың кәсіби-техникалық институтымен бірлесе жұмыс істемек
Қытайда жүрген Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Қарамай кәсіби-техникалық институты өкілдерімен кездесті

Кездесу барысында тараптар білім беру, білікті кадрларды даярлау және бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Келіссөздердің нәтижесінде Қарамай кәсіби-техникалық институты мен Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі, Риддер колледжі, Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғарғы колледжі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Стратегиялық маңызды бұл халықаралық кездесулер жобаның аясында серіктестік байланыстардың қарқынды нығаюына ықпал етіп, инновациялық білім беру тәжірибесі саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін берік негіз қалайды, - деп атап өтті Риддер колледжінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директор орынбасары Ксения Сурнина. - Кездесудің маңызды нәтижесі – меморандумға қол қойылуы, бұл өзара тиімді дамудың, сенімді нығайтудың, тең құқылы диалог пен елдер арасындағы мәдени әртүрлілікке терең құрметтің негізін қалайды.
Меморандумға қол қою халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам және кәсіби білім беру мен кадрларды даярлау саласындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Қарамай кәсіби-техникалық институтымен ынтымақтастық – бұл тек бастамасы. Бізде нақты жоспарларымыз бар және осы меморандумға қол қойылуы берік серіктестік қарым-қатынастарды қалыптастыруда маңызды элемент болады деп сенеміз. Бұл кәсіби білім беру мен кадрларды даярлау саласындағы өзара әрекеттестікті тереңдетуге бағытталған маңызды қадам, – деді Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің директор орынбасары Альмира Нұрғалиева.
Делегация жетекшісі Сымбат Рамазанов бұл кездесудің Шығыс Қазақстан өңіріндегі оқу орындары үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.
Біз тек индустриялық парктермен танысып қана қоймай, білім беру ұйымдарының басшылығымен тікелей жүздесуге де мүмкіндік алып отырмыз. Бұл – кадрларды даярлау саласындағы нақты ынтымақтастық жолдарын талқылауға арналған маңызды сәт. Қазіргі таңда бұл тақырып өте өзекті, өйткені мамандарды сапалы даярлау - даму жолындағы шешуші фактор. Осындай кездесулер нақты әрі практикалық өзара әрекеттестіктің негізін қалайды, - деп атап өтті ол.